Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық тауарлар каталогын енгізуге қатысты жиі қойылатын сұрақтарға түсініктеме берді. Ведомство өкілдері жаңа жүйеге көшу барлық кәсіпкерлер үшін біртіндеп әрі түсінікті болуға тиіс екенін атап өтті. Ұлттық каталог бақылау құралы ретінде емес, бизнеске арналған қолайлы сервис ретінде әзірленіп жатыр. Вице-министр Әсет Нүсіпов ОКҚ брифингінде ҰТК-ның ықтимал басым тұстарын түсіндірді.