Жетісу облысы 2023-2024 жылдары жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі бойынша республикада көш бастады, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 2,2 трлн теңгеге жетіп, 14,8%-ға ұлғайды. Жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім 3,2 млн теңгені құрады. Биылдың соңында жалпы өңірлік өнім 2,7 трлн теңге жетпек. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2023-2024 жылдары 894 млрд теңгені құрады, оның ішінде жеке инвестициялардың үлесі 71%-дан асты. Бұл туралы Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.