Қызылорда өңірінде көлік-логистика саласында маңызды жобалар жүзеге асып жатыр. Қорқыт Ата әуежайының жаңа терминалы ел игілігіне пайдалануға берілді. Жобаны іске асыруға 16 млрд 700 млн теңге жеке инвестиция тартылды. Жергілікті бюджеттен инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 4 млрд 300 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жаңа терминалда халықаралық стандартқа сәйкес жолаушыларға барлық қызмет сапалы түрде көрсетілуде. Бұл туралыоблыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.