Қостанай облысында биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша экономиканың барлық саласында оң серпін бар, 8,3% өсімге қол жеткізілді. Жыл басынан бері өңірде 24,1 мың жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылар санының 23%-ға төмендеді. Облыс машина жасау өндірісінің көлемі бойынша елде көш бастап тұр, ол республика өндірісінің 25%-дан астамын құрайды. Бұл туралы өңір әкімі Құмар Ақсақалов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.