Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығы саласында биыл 38 млрд теңгеге жуық өнім өндірілді. Оның ішінде мал шаруашылығында өнім шығару көлемі 22,4%-ға көбейді. Өңірде 95 мыңға жуық түйе басы тіркелген. Түйе сүтінің өнімдерін экспортқа шығару мақсатында түйе сүтін терең өңдеуге бағытталған 3 ірі инвестициялық жобаны іске асып жатыр. Түйе сүтін құрғақ ұнтаққа айналдырып экспортқа шығару жоспарда бар. Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай ОКҚ алаңында хабарлағандай, биыл түйе сүтін автоматтандырылған әдіспен сауатын цех ашылды.