Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде Ақтөбе облысының тау-кен металлургия саласына арналған өңірлік білім беру-өндірістік кластері ресми түрде ашылды. Жоба Қазақстанда алғаш рет кадр даярлаудың үздіксіз жүйесін қалыптастырды: білім беру үдерісі мектепке дейінгі жастан басталып, мектепте, колледжде және өндірісте жалғасады. Бұл модельдің нәтижесі – түлектердің тау-кен металлургия саласының жетекші кәсіпорындарына 100% жұмыспен қамтылуы, деп хабарлайды өңір әкімдігі.