Азық-түлік қауіпсіздігі және негізгі азық-түлік өнімімен өзін-өзі қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі нарықты мұнай өнімімен толықтыру мәселесі экономикалық қауіпсіздіктің негізгі факторының бірі ретінде Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің ведомствоаралық комиссиясы отырысында қаралды, деп хабарлайды Primeminister.kz.