Астанада Конституциялық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жаңа Конституция жобасын талқылау жалғасуда. ҚР Конституциялық Сотының төрағасы, Конституциялық комиссияның төрайымы Эльвира Азимованың айтуынша, Комиссияның атына азаматтардан шамамен 5 мың ұсыныс келіп түскен. Азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, ғалымдар мен заңгерлік қауымдастықтан келіп түскен бірқатар ұсыныстар негізінде ҚР жаңа Конституциясы жобасына бірқатар толықтырулар енгізілді. Бұл туралы Конституциялық комиссияның оныншы отырысында ҚР Конституциялық Соты төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов айтып өтті.