2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 102 кәсіпорны 408 жұмыскерге 284 млн теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 1 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.