2026 жылғы ақпанда Enbek.kz Электрондық еңбек биржасында жұмыс берушілер 99 мың бос жұмыс орнын жариялады, ал жұмыс іздеушілер 124,9 мың түйіндеме орналастырды. Қаңтар айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 3,7%-ға (-3,7 мың) азайды, ал жарияланған түйіндемелер саны бұдан да айтарлықтай – 23,1%-ға (-37,5 мың) қысқарды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлейметтік қорғау министрлігі.