2026 жылы 3 335 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 168,2 мың этникалық қазақ оралды. Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың жартысы (47,8%) Қытайдан, 43,6% – Өзбекстаннан, 2,7% – Түрікменстаннан, 2% – Ресейден, 2,2% – Монғолиядан  және 1,7 – басқа елдерден тіркелді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.