Су ресурстары және ирригация министрлігі 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық бойынша жоспарлы әрі жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр. Негізгі назар су тасқынының ықтимал теріс салдарын барынша азайтуға, су ресурстарын басқаруды жетілдіруге және тәуекел аймақтарында төтенше жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік беретін шараларды әзірлеуге аударылады. Бұл туралы ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде хабарлады.