Су саласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру және құрылыстарды су тасқыны кезеңіне дайындау шеңберінде Ілек өзеніндегі көлемі 245 млн текше метр болатын Ақтөбе су қоймасын реконструкциялау аяқталды. Түркістан облысындағы Қапшағай су қоймасын және Батыс Қазақстан облысындағы Киров су қоймасын реконструкциялау аяқталды. Су қоймаларын реконструкциялау бойынша 5 жоба әзірленді. 7 облыста орналасқан 13 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірлеу жалғасады. Ағымдағы жылы құны 900 млн теңге болатын 8 су қоймасын реконструкциялау бойынша жобалар әзірлеу жоспарланған. ҚР су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаров ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстелде осылай деді.