2026 жылы «Жастар практикасы» жобасы шеңберінде 25 мың жас қазақстандықты жұмыспен қамту шаралары жоспарланып отыр. Жастар практикасына алған мамандығы (біліктілігі) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін жинақтау мақсатында жасы 35-тен аспаған, білім беру ұйымдарының жұмыссыз түлектері қатыса алады. Бағдарламаға қатысу үшін Мансап орталығына өтініш беру қажет, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.