Негізгі мазмұнға өту

Бүгін медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді

Бүгін медицина қызметкерлері кәсіби мерекесін атап өтеді
ortcom.kz

Дәрігерлер, мейіргерлер, фельдшерлер, санитарлар және денсаулық сақтау саласының өзге де мамандары күн сайын адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Медицина қызметкері болу терең білімді, жоғары жауапкершілікті, қажырлы еңбек пен өз ісіне адалдықты талап етеді. Бүгінде елімізде күрделі операциялар жасалып, денсаулықты сақтауға және өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін озық технологиялар кеңінен қолданылады.

Осынау мәртебелі әрі жауапты мамандықты таңдаған барша медицина қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз.

Мереке құтты болсын!

Дереккөз

Бөлісу