Қазақстанның оңтүстік облыстарында суармалы алқаптардағы ирригация-дренаж жүйелерін реконструкциялауды көздейтін «Ирригация-дренаж жүйелерін жетілдіру жобасының 2-кезеңі» жүзеге асырылып жатыр. Жоба аясында жалпы аумағы 105 065 гектар суармалы жердегі ирригация-дренаж жүйелерін реконструкциялау қарастырылған. ҚР Су ресурстары және ирригация вице-министрі Жандос Сәлімовтің айтуынша, қазіргі уақытта 11 жобалық аймақтың 8-і бойынша жұмыс аяқталды, қалған 3 жобаны 2026 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда.
«Жоба аясында 3250 км каналды және 1565 км дренаж жүйесін реконструкциялау көзделген. Оның ішінде 3200 км канал және 1463 км дренаж жүйесі қалпына келтірілді», – деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.