Фильмдер көрсету, белгілі мәдениет қайраткерлерімен кездесулер, конкурстар. Керемет бағдарлама. Ең бастысы, көптен күткен және үміт үкілеген. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бельгияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаль бірер үзілістен кейін қазіргі франкофон көктемінің ерекше мәні бар деп мәлімдеді.

«Менің елім жыл сайын Халықаралық франкофония күніне арналған іс-шараларға қатысады. Өткен жылы санитарлық дағдарысқа байланысты көптеген іс-шаралар кенеттен тоқтап қалғаннан кейін, 2021 жылы франкофон көктемі біз үшін ерекше – үлкен үміт артамыз. Мен биылғы жылды пандемиядан зардап шеккендердің барлығына арнағым келеді. 50 жылдан астам уақыт бойы халықаралық франкофония ұйымы халықаралық ынтымақтастықты, бейбітшілік пен адам құқықтарын көптілділік, сондай-ақ мәдени теңдік призмасы арқылы насихаттауда. Осы тұрғыда Бельгия халықаралық ұйымның негізін қалаушы мүше ретінде де ерекше назар аударады, бүкіл әлемдегі біздің дипломатиялық іс-әрекеттеріміздің негізінде жатқан ұйымның құндылықтары мен қағидаттарын толық қолдайды. Француз тілі менің елімнің мәдени байлығының маңызды бөлігі болып табылады, онда ол басқа екі ұлттық тілмен тең дәрежеде қолданылады. Осы үш тіл бірге менің елімнің мәдени ерекшелігін қалыптастыруға ықпал етеді, көбінесе бұл әртүрлі сын-қатерлерге, оларды еңсеру үшін қажетті ашықтық пен прагматизмге байланысты», - деп атап өтті спикер. Сондай-ақ, ол мәдени бағдарлама аясында франко-бельгиялық комедиялық драма көрсетілімі жоспарланғанын жеткізді.

Сюжет желісі бойынша, жалғыз әке жаңа мәртебеге орай әртүрлі қиындықтармен күреседі. Сондай-ақ, қазақстандық француз тілі мұғалімдері қауымдастығымен екі шығармашылық байқау өтеді. Оған жастар қатысады, бұл шаралар планетамыздың болашағын шешуге бағытталған.