«Біз білім және ғылым министрінің Бағалау жөніндегі 125-ші бұйрығына өзгеріс енгіздік. Мұны төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша жасадық», - деп атап өтті Асхат Аймағамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

«Балалар кезекші сыныптарда оқығанда, олардың күндізгі бөлімде оқитыны түсінікті. Олар сыныпта отырып оқу тапсырмаларын орындайды, содан кейін үйде дайындалу үшін үй тапсырмасы беріледі. Бірақ бала қашықтықтан оқыған кезде мұғалім беретін барлық тапсырмалар үйде жасалады. Бұған қосымша үй тапсырмасын беру күлкілі, бұл қажет емес. Төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша балаларға, ата-аналар мен мұғалімдерге қандай жүктеме түскенін көрдік, өйткені осың бәрін кейін тексеру керек. Біз бала интернет платформада шартты түрде орындайтын барлық оқу тапсырмаларын біріктірдік. Мұғалімдер қашықтықтан оқыту кезінде оқитын балаларға берілетін осы оқу тапсырмалары бойынша бағалайтын болады», - деп түсіндірді министр.

Анықтама үшін, жалпы тоқсандық баға бірнеше айнымалылардан тұрады: бұл форматты бағалау - 25%, бөлім үшін жиынтық бағалау (БЖБ) - 25% және 50% - тоқсан үшін жиынтық бағалау (ТЖБ).

«Бұл өзгерістер қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты және мектеп формасына, медициналық анықтамаларға, қосымша тілдік тесттерге қатысты өзгерістер секілді уақытша болады», – деп еске салды Асхат Аймағамбетов.