Жыл сайын 20 қарашада Дүниежүзілік балалар күні атап өтіледі. Бұл күн 1954 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен балалардың әл-ауқатына, құқықтарын қорғауға қоғам назарын аудару мақсатында белгіленген. Дәл осы күні екі негізгі халықаралық құжат, 1959 жылы – Бала құқықтары декларациясы, ал 1989 жылы Бала құқықтары туралы конвенция қабылданды.

Қазақстанда да балаларды қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Биыл 2026–2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы қабылданды. Құжат аясында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықтарын қорғау, сапалы білімге және медициналық көмекке қол жеткізу, сондай-ақ әлеуметтік қолдау бағытындағы шаралар қамтылған. Сонымен қатар елімізде Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты жұмыс істейді.

Дүниежүзілік балалар күні балаға қамқорлық жасау баршамызға ортақ міндет екенін тағы бір еске салады.