«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік мәртебесін растау процесін автоматтандыруды және қағаз құжаттарға балама ретінде цифрлық құжаттарды пайдалануды қолға алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте вице-министр Ербол Оспанов хабарлады.

«2020 жылы министрлік Цифрлық даму министірлігімен бірлесіп «eGov mobile» мобильдік қосымшасына «зейнеткер куәлігі», «қандас куәлігі», «әлеуметтік ID» цифрлық құжаттарын шығарды. Биыл көпбалалы отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға мобильдік қосымша арқылы 23 мың қызмет көрсетілген. Жоба пилоттық режимде жұмыс істеуде», - деді ведомство өкілі.

Бұдан басқа, төлемдерді оңтайландырудың арқасында мемлекеттің әкімшілік шығыстарын үнемдеу жобасы аясында зейнетақы төлеу бойынша жылына 4,6 млрд теңге үнемдеуге болады. Бұл бағыттағы жұмыс 2021 жылы жүзеге асырылады.