Қазақстанда мұнай-газ саласында барынша сұранысқа ие түпнұсқа тауарлардың әлемдік және қазақстандық өндірушілерімен бірлесіп 15 жаңа өндірісті локализациялау жұмыстары жүргізілуде. Жобалардың жалпы құны 37,7 млрд теңгені құрайды. Жобалар мұнай-газ саласында сұранысқа ие өнім шығаруды кеңейтуге, жұмыс орындарын ашуға және жергілікті өндірістік құзыреттерді дамытуға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

«Мұнай-газ саласында барынша сұранысқа ие түпнұсқа тауарлардың әлемдік және қазақстандық өндірушілерімен бірлесіп, 37,7 млрд теңгеге 15 жаңа өндірісті локализациялау жұмыстары жүргізілуде. Аталған жобаларды жүзеге асыру жаңа жұмыс орындарын құруды, сондай-ақ ел ішінде қосылған құны жоғары тауарларды өндіру және оларды шығару бойынша құзыреттілікті сатып алуды қамтамасыз етеді», – деді энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында.

2022–2025 жылдар аралығында Қазақстанда 7,9 млрд теңге сомасына 10 өндіріс локализацияланды, 350-ден астам жұмыс орны ашылды.

Жеке бағыт — халықаралық сертификаттаудан өту кезінде отандық өндірушілерді қолдау.

«Тиісті сертификаттауға жұмсалған шығындарды өтеу шегін 3 000-нан 15 000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту жұмысы жүргізілді. Бұл отандық кәсіпорындарға 60 млн теңгеге дейінгі мөлшердегі шығындарын өтеп алуға мүмкіндік береді және сәйкесінше қазақстандық өндірушілерге үш ірі оператордың жеткізу тізбегіне шығуға, сондай-ақ өнімдерді шетелге экспорттық жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік ашады», – деді Ерлан Ақкенженов.

Механизм қазірдің өзінде саланың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етуде: бүгінгі таңда мұнай-газ секторының 7 отандық тауар өндірушісінің Еуропа, Солтүстік Америка және Азия елдерінің нарықтарына өнімді экспорттық жеткізу тәжірибесі бар.

Дереккөз (орыс тілінде): www.gov.kz