Бүгінде саланы дамытуға 78 млрд теңге бөлінді. COVID-19 пандемиясы Денсаулық сақтау жүйесі үшін үлкен сынақ болды. Бұл бағытта әлі де жұмыс істеуіміз керек, - деді аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов ОКҚ өткен брифингте.

Оның мәліметінше, облыста КВИ-дің 4 913 жағдайы тіркелген. Науқастарды емдеу үшін 19 стационар жұмылдырылды. 967 төсек-орын дайындалды, қажет болған жағдайда олар 3 мыңға дейін жеткізіледі. Әзірге олардың үштен бірі ғана пайдаланылуда.

«Аурудың өсімі, ең алдымен, облыстың Ресей Федерациясымен шекаралас болуымен байланысты, көрші елде қазір коронавирусты жұқтыру жағдайлары артып отыр. Ұзындығы 1417 км шекарада 7 автоөткел, 4 - негізгі өткел жұмыс істейді. Олар арқылы 6 қазаннан бастап 30 мыңға жуық адам келді, бұл республикаға автоөтпе жолдар арқылы келгендердің шамамен 15%-ы. Келушілер үшін 412 орындық 6 карантиндік стационар ашылды. Онда ПТР нәтижесі теріс анықтамасы жоқ адамдар жатқызылады», - деді әкім.

Өңірде үш апталық карантин жалғасуда. Облыс, Қостанай және Рудный қалаларының периметрі бойынша, сондай-ақ автоөтккел ауданында 20 санитариялық бекет орнатылды. Сауда объектілері шектеулі режимде жұмыс істейді, облысішілік автобус жолаушылар тасымалын тоқтатты. Қарттарға күндіз, ал қалғандарына түнде шығуға тыйым салынды. «Карантин шараларының сақталуын бақылау мақсатында мобильді топтардың жұмысы күшейтілді. 1 қарашадан бастап 1 440 рейд өткізілді, 6 823 нысан тексерілді, 1 161 бұзушылық анықталды. Аталған фактілер бойынша 629 әкімшілік айыппұл салынды. Осылайша, жалпы облыс бойынша санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды бақылау күшейтілді», - деп түйіндеді Мұхамбетов.

COVID-19-бен күреске дайындық бір сәтке де тоқтаған жоқ. Жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен жарақтандырылған 200 төсек-орындық жаңа инфекциялық орталық өз жұмысын бастады, Қостанайда 400 төсек-орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталады, жалпы ауданы 67 мың ш.м 16 денсаулық сақтау нысанына жөндеу жұмыстарын жүргізуге 4 млрд теңгеге бөлінді.

«Жыл басынан бері компьютерлік томографтармен жабдықтау 1,8 есеге, цифрлық рентгенмен жабдықтау 1,3 есеге, ӨЖЖ аппараттарымен жабдықтау 1,8 есеге ұлғайды. Оттегі нүктелері 939-ға дейін ұлғайтылды, 712 оттегі концентраторы бар. Саны артуда. Санитарлық автокөлікпен және реанимобильдермен жабдықтау 1,4 есе өсті, сондай-ақ 10 жылжымалы медициналық кешен сатып алынды. Оларды өз зауыттарымызда өндіреміз», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ол дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қоры 538 млн теңгеге дейін ұлғайтылғанын, ал дәріханалар мен стационарларда препараттар мен қорғаныш амунициясының екі айлық қоры бар екенін жеткізді. КВИ-мен күреске тартылған 190 дәрігерге баспана берілді.