Билік басында болған ұзақ жылдар ішінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан үшін мүмкін болатын барлық шекараны едәуір кеңейтті. Бүгінде Елбасы әлемдік көшбасшылар тыңдайтын басым дауысқа ие. Және осымен ол өзінің жоғары рейтингісін әлемдік деңгейдегі саясатт» тағы да растайды. Бұл туралы "Нұрсұлтан Назарбаев – жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференция аясында Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Зарема Шаукенова мәлімдеді.

«Рим философы Сенеканың айтқандай, кейбір істердің ұлылығы мөлшерден ғана емес, олардың уақыттылығынан да тұрады. Нұрсұлтан Назарбаев Президент қызметінде уақыт ағымын көріп, қазіргі заманғы үрдістерді болжай білген дарынымен ұштастырды», - деп атап өтті З. Шаукенова.

Сарапшының айтуынша, Президенттің өкілеттігін тоқтату туралы шешімі қазіргі заман рухына, Елбасының терең даналығы мен мінезінің күшіне толық сәйкес келеді.

«Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында әлемнің бір орында тұрмайтынын, жаңа сын-қатерлер мен жаңа мүмкіндіктер пайда болатынын атап өтті», - деп толықтырды ҚСЗИ директоры.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.