«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында «Тыңдау» жобасы әзірленді. Оның мақсаты – клиенткебағдарланған тәсілді енгізу арқылы электрондық қызметтерді цифрлық сервистерді алушылардың көзімен қарау. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев хабарлады.