«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ халықпен кері байланысты күшейту шеңберінде Агенттік жанынан Жеке тұлғалармен, коммерциялық емес ұйымдармен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңес құрылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Жазықбаев мәлімдеді.