Коронавирус өзгереді, яғни ол бұдан да жұқпалы және агрессивті болып, індеттің жаңа толқынын тудыруы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін вакцинациялау маңызды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, профессор Алмаз Шарман мәлімдеді. Ол Сан-Франциско қаласынан байланысқа шықты. Оның байқауларына сәйкес, батыс жағалауда «жалпы маска тағу режимі» бар, сондай-ақ, басты «тұмардың» жоқтығын көрсе, бір-біріне ескерту жасайды. Жақындарыңызды қорғау үшін маска тағу керек екені белгілі болды, бұл қамқорлық пен бірліктің белгісі.