Елордада COVID-19 жағдайы күрт нашарлады. Бұл күндері өсім екі есе артты. Сырқаттану республикалық деңгейден 100 000 адамға шаққанда 2,9 есе жоғары. Бүгінгі таңда эпидемиологиялық жағдай шиеленісті болып қалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, бас санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова мәлімдеді.