Қалада қалыптасқан эпидемиологиялық жағдай, COVID-19 жұқтыру жағдайларының күрт артуы, инфекциялық стационарлардың жүктемесі 74%-ға дейін, оның ішінде реанимациялық төсек-орындардың жүктемесі 50%-ға, балалар арасында сырқаттанушылықтың 1,8 есе өсуі, сондай-ақ науқастармен байланыста болған адамдар санының 10%-ға ұлғаюы қала тұрғындарының ұйымдастырылған ұжымдарда да, үй карантині режимінде де карантиндік іс-шараларды сақтамағанын және елорда халқының шектеу шараларын сақтамағанын көрсетеді.