2021 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын ауданы 22,8 млн га жерге егу жоспарланып отыр, бұл 2020 жылға қарағанда 186,6 мың га немесе 0,8%-ға артық, оның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар 15,8 млн га. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов хабарлады.