Елімізде егіс науқаны белсенді жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы дақылдарын егу Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Түркістан облыстарында басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов мәлімдеді. Оның мәліметінше, 103,4 мың га жаздық, картоп, көкөніс дақылдары мен көпжылдық шөп егілді.