Тұтыну көлемінің өсу серпінін ескере отырып, Қазақстанның электр энергетикалық саласының алдында «пайдалану моделінен» «инвестициялық модельге» ауысу мәселесі тұр. Бұл ауысу бірінші кезекте жаңа қуаттарды енгізуді және жұмыс істеп тұрған қуаттарды жаңартуды талап етеді. 2030 жылға дейінгі инвестициялардың жалпы көлемі кемінде 15 млрд долларды құрайды. Бұл бағытта қандай жұмыстар атқарылғандығы туралы энергетика вице-министрі Қайрат Рахимов баяндады.