Еліміздің жылу және электр энергиясын өндіру және тарату кәсіпорындарындағы жалақы жиырма жыл ішінде өзгерген жоқ. Еңбекақы көрсеткіші жағынан сала ел ішінде де аутсайдерлер қатарында. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Қазақстандық энергетиктердің салалық кәсіподағының төрағасы Оразбек Бекбас мәлім етті.