Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасында 469 астам жаңа МСАК нысанын салу жоспарлануда, ал 2026 жылға дейін 600-ден астам МСАК объектісі күрделі жөндеуден өтеді, оның 584-і ауылдық жерлерде. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.