Депутаттық сауалда бірқатар қате түсініктер мен дәлсіздіктер бар, деп атап өтті ОКҚ өткен брифингте ҚР АШМ Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтанов. Оның айтуынша, мұндай дұрыс емес мәлімдемелерге байланысты жаңсақ қоғамдық пікір қалыптасуы мүмкін.