Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 160 баланың бірі немесе балалардың 0,6%-ы аутистік спектрдің бұзылуынан зардап шегеді. Қазақстанда соңғы 13 жылда АСБ бар балалар санының айтарлықтай өскені байқалады, 2008 жылғы 37-ден 2020 жылы 756-ға дейін. Бұл скрининг әдістерін енгізу, мамандарды оқыту, оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек және көмекке қол жетімділіктің артуы сияқты әр түрлі факторларға байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ДСМ Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негай мәлімдеді.