Қолданыстағы үшінші бағдарлама екі бесжылдықтың логикалық жалғасы болып табылады және өңдеу өнеркәсібінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға бағытталған. ҚР ИИДМ өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садыкова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте бағдарламада айқындалған басты тәсілдерге тоқталды.