Индустрияландыруды одан әрі дамыту үшін кешенді, жүйелі тәсілдің қажеттілігін назарға ала отырып, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң жобасын әзірлеуді тапсырды. Аталған заң жобасы дайындалды және өткен жылдың желтоқсан айында Парламент Мәжілісіне енгізілді. Қазіргі кезде құжат Парламент Мәжілісінің жұмыс тобының қарауында, - деді ҚР ИИДМ өнеркәсіп саясаты департаментінің директоры Лаура Садыкова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.