Мемлекет басшысы өз Жолдауында цифрландыру барлық реформалардың негізгі элементі болып табылатынын атап өтті. Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте медицина саласын цифрландыруға, әсіресе вакцинация кезеңіндегі мәселелерге тоқталды. Оның айтуынша, EGov mobile қосымшасында «цифрлық құжаттар» бөлімінде вакцинацияның электрондық паспорты қолжетімді болды.