Қазіргі кезде мемлекетаралық стандарттау жүйесі шыңдау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Сенаттың пленарлық отырысында мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды тарату туралы келісімді мемлекеттік ратификациялауға арналған заң жобасы ұсынылды және қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директордың бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов мәлім етті. Жобаның мақсаты ТМД мүше елдер арасында мемлекетаралық стандарттау жөніндегі құжаттарды таратудың бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру болып табылады.