1 шілдеден бастап жаңа редакцияда қабылданған «Техникалық реттеу туралы» Заң күшіне енеді. Осы заңды іске асыру үшін Сауда және интеграция министрлігі 52 нормативтік-құқықтық акті, оның ішінде мемлекеттік бақылау желісі бойынша – 11 НҚА, Техникалық реттеу бойынша – 21, сертификаттау және аккредиттеу бойынша – 9, сондай-ақ метрология және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 11 НҚА әзірлеуді жүзеге асырады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығының бас директордың бірінші орынбасары Қайнар Тайжанов мәлім етті.