Қазіргі кезде су қоймаларының жұмыс режиміне күнделікті мониторинг белгіленген, барлық республикалық объектілерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылған. Қауіпті учаскелерде құрылыс және басқа материалдардың қажетті қорлары, сондай-ақ тиісті техника мен жанар-жағармай материалдарының қоры дайындалды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов хабарлады.