Қазақстан Республикасында КВИ-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлім еткендей, 1 сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Бұл ретте кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды.