Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жаһандық цифрландырудың маңызды мәселелерінің біріне айналуда. Осы мәселелерді шешу үшін «Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасы іске асырылуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ЦДИАӨМ ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов мәлімдеді. Ол халықтың киберқауіпсіздік қатерлері туралы хабардар болу деңгейі біршама артқанын атап өтті. Әлеуметтік зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ол 78% құрады.