2020 жылы қазақстандық пайдаланушылардың интернет желісіндегі фишинг және интернет ресурстарындағы алаяқтық мәселесі бойынша жүгіну саны артқан. Фишинг ресурстар былтырғы шабуылдардың трендіне айналды. Бұл жұмыстың онлайн режимге көшуіне байланысты. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «МТҚ» АҚ-ның Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының директоры Серік Холдас мәлім етті.