Бүгінде ауылдық жерлерде тұрғын үй салу тетігін енгізу мәселесі қарастырылуда. Бұл тетік Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдарда қызметкерлер үшін тұрғын үй салу кезінде жұмыс беруші шығындарының 50%-ын субсидиялауды көздейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.