Қазақстандық вакцинаның клиникалық зерттеулеріне қызығушылықтың артуына байланысты БҒМ өкілдері жүргізіліп жатқан жұмыстардың кейбір нәтижелері туралы баяндады. Негізгі әзірлеуші Биологиялық қауіпсіздік мәселелерін зерттеу институты болып табылады. Қызметкерлер вакциналармен 5 платформада жұмыс істейді. Әлемде бірде-бір институт коронавирустық инфекцияны кең зерттеумен айналыспайды. Алғашқы қазақстандық вакцина инактивацияланған, бұл – клиникалық зерттеулердің үшінші кезеңіне жеткен әлемдегі 14-ші вакцина. Барлығы тізімде 260-тан астам кандидат вакцина бар, олардың аз бөлігі ғана соңғы кезеңге жетті. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов мәлімдеді.