Қазақстанда теріс ПТР-тест туралы анықтамасыз республикаға келетін адамдар саны азаюда. Алайда, шараларды күшейту шеңберінде бас мемлекеттік дәрігер Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібі туралы қаулыға толықтырулар енгізді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді.