Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік объектілерінде «Ashyq» пилоттық жобасын іске асыру жалғасуда. Ағымдағы жылдың 26 ақпанынан бастап бұл жоба фитнес-клубтар, спа-орталықтар, сауналар, бассейндер, компьютерлік клубтар, боулинг клубтары сияқты қызмет түрлерін ұсынатын объектілерде қолға алынды. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтып өткендей, қазіргі кезде жобаға 437 нысан тартылған, қосымшаны 175 000 пайдаланушы жүктеген. Нәтижесінде, тәулігіне 34 000-ға жуық фиксация бар, 347 «қызыл» келуші анықталды.