Былтыр Мемлекет басшысы биологиялық қауіпсіздік жөніндегі ҒЗИ-ды жан-жақты қолдау, атап айтқанда, жабдықтар сатып алу, қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және еңбекақы мөлшерін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева өткен аптада ғана атқарылған жұмыстар туралы баяндады.