Елдің орманды дала алқаптарында профилактика шараларын жүргізу үшін ТЖМ-мен Мемлекеттік өрт бақылау, Орман шаруашылығы мекемелері және жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінен тұратын мобильді топтар құрылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.